(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТІГІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛА Б...

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 Қаулысы

(2017.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 2 сәуірдегі

№ 301 қаулысымен бекітілген

 

 

Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2014.07.11. № 1180 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 39-бабына, «Халықтық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 184-1-бабына, «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына, «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-1-бабына, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.